Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында “Жастар мәслихаты” қоғамдық бірлестігінің өкілдері “Қазақстан – тәуелсіздік кепілі” тақырыбында пікірсайыс өткізді.
Шара барысында он топ сынға түсті. Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі ІІІ орынды Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаты оқушыларынан құралған топ иеленсе, ІІ орынды М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері еншіледі. Ал жеңістің ең биік тұғырына Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушыларынан құралған топ көтерілді.
Халқымыздың ғасырлар бойғы арманы Тәуелсіздігіміздің берік те баянды болуы үшін бүгінгі жастардың қосатын үлесі зор. “Жас Отан” жастар қанаты қалалық филиалының атқарушы хатшысы Абылайхан Қайроллаев өрендер арасында осындай шаралар ұйымдастырудың пайдасы зор екенін атап өтті.
Жанаргүл МЕЙРАМ,
“Солтүстік Қазақстан”.