«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТӘУЕКЕЛ ТОБЫНДАҒЫЛАРҒА – ҮСТЕМЕАҚЫ

Елімізде COVID-19 қарсы күресіп жүрген 53 мың медицина қызметкеріне маусым айы үшін үстеме ақы төлене бастады. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен медициналық сақтандыру қорына 35,7 млрд. теңге бөлінді. Қор қаржы операторы ретінде медицина қызметкерлерінің наурыз бен маусым айы аралығындағы еңбекақысына қосымша 32 млрд. Теңгеден астам қаржы төледі. Қордың біздің облыс бойынша филиалы осы кезеңде 1200-ден астам медицина қызметкеріне 569,7 млн. теңге үстемеақы аударды.

Қауіпті жағдайда жұмыс істейтін дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің саны ай сайын артып келе жатыр. Наурыз айында үстеме ақыны 19 мыңнан астам адам алса, мамыр айында олардың саны 40 мың адамға жетті.
Коронавирус пандемиясына қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлерін ынталандыру және көтермелеу үшін қарастырылған үстеме ақы төлеу үшін Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен тәуекел топтар белгіленген. Тәуекел тобына байланысты медицина қызметкерлеріне 212 мың теңгеден 850 мың теңгеге дейін қосымша ақы төленеді.
Үстеме ақы алушылар тізімін жедел штаб жанынан құрылған өңірлік комиссия құрастырады. Облыс әкімінің орынбасары басқаратын комиссия құрамына медициналық сақтандыру қоры филиалдарының қызметкерлері, өңірлік мемлекеттік бас санитар дәрігер, денсаулық сақтау басқармасының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіреді. Егер үстеме ақыға қатысты қандай да бір сұрақ туындаса, өңірлік комиссияға жүгінген жөн.
Ал коронавирусқа шалдыққан медицина қызметкерлеріне қосымша қаржыны Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өңірлік комиссия шешімі негізінде, Денсаулық сақтау басқармаларының өтініші бойынша төлейді.

 

Сурет:https://informburo.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp