Парламент палаталарының бірлескен отырысында Тәуелсіздік декларациясы қабылданды. Отырыста Сенаттың 46, ал Мәжілістің 105 депутаты декларацияны жақтап дауыс берді.
– Сонымен, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы декларациясы қабылданды. Бұл еліміз үшін, соның ішінде, Парламент үшін ерекше орын алатын маңызды құжат, маңызды шешім. Осы қабылданған декларация біздің тарихымыз және болашақ ұрпағымызға қалдыратын мұрамыз,– деп атап өтті Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин.
Парламент палаталарының бірлескен отырысына Премьер-министр, Мемлекеттік хатшы, Президент Әкімшілігінің басшысы, Конституциялық кеңес, Жоғарғы сот төрағалары, Үкімет мүшелері мен депутаттар қатысты.