«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІН АТАП ӨТТІ

Солтүстік Қазақстан облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментте Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесі аталып өтілді.

 Шараны департамент бастығы полковник Талғат Әліқұлов салтанатты түрде ашып, қонақтарды мемлекеттік мерекемен құттықтады.
 “Бұл күн – ата-бабамыздың аңсаған арманы жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған ұлы күн. Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы асқақтап, келешегі көркейе берсін”, – деп ол жылы лебізін білдірді.

  

Салтанатты шара барысында облысымыздың бастапқы әскери даярлық бойынша оқытушылары еліміздің жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруге өз үлестерін қосқаны үшін грамоталармен және Халық Қаһарманы “Рақымжан Қошқарбаевтың” медальдарымен марапатталды.

 Мерекенің екінші бөлімінде әскери қызметшілер мен департамент қызметкерлерінің балалары ұлттық өнерімізді дәріптеп, халқымыздың домбыра, жетіген сияқты аспаптарында сарқылмас байлығымызға айналған қазақтың төл әндерін, Құрманғазы мен Қазанғаптың күйлерін нақышына келтіріп орындап, Мұқағали Мақатаевтың Отан туралы өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
Мұндай іс-шаралар балаларды отансүйгіштікке тәрбиелей отырып, шығармашылық қабілеттерін ашады және жеке құрамды біріктіреді.

Айман ӘБЖАПБАРОВА,
облыстық қорғаныс істері департаменті баспасөз қызметінің бастығы,
лейтенант.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp