«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тәуелсіздік шежіресі

1992 жыл

10 қаңтар – “Қазақстан Республикасының ішкі әскерлері туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы шықты.

14 қаңтар – Мемлекет басшысы ел халқына қиындыққа толы күрделі кезеңге аяқ басқалы тұрғанымыз жайында Үндеу жариялады.

27 қаңтар – Өскемен қорғаныс-мырыш комбинатында салмағы 10,5 кг. болатын жоғары сынамалы алғашқы қазақстандық алтын кесегі қорытылды.

30 қаңтар – Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) мүше болды.

1 ақпан – “Қазақстан Республикасында халық денсаулығын сақтау туралы” Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енді.

11 ақпан – Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен В.К. Гартман Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды.

Ақпан айында Петропавлда “Трибуна” қалалық газетінің алғашқы нөмірі шықты.

3 наурыз – Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына (БҰҰ) мүше болды.

16 наурыз – Мемлекет басшысы “Қазақстан Республикасының гвардиясын құру туралы” Жарлыққа қол қойды.

22 наурыз – жерлес жазушы Ғабит Мүсіреповтің туғанына 90 жыл толуына орай облыстық “Театр көктемі – 92” фестивалі өтті.

7 мамыр – Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы” Жарлығы шықты.

22 мамыр – Қазақстан Республикасы ЮНЕСКО-ға мүше болды.

4 маусым – Елбасы “Қазақстан Республикасының рәміздері туралы” Заңға қол қойды.

14 маусым – Петропавл қаласының 240 жылдығы аталып өтілді.

Шілде айында облыс орталығында “Салтанат” қазақ балабақшасы ашылды.

11 тамыз – Петропавлда және Жамбыл ауданының Жаңажол ауылында Ғабит Мүсіреповтің 90 жылдық мерейтойы өтті. Жазушының туған ауылында тарихи-өлкетану мұражайы ашылды.

18 тамыз – Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен еліміздің шекаралық әскері құрылды.

18 қыркүйек – “Қазақстан” мемлекеттік телерадиохабар тарату компаниясы ашылды.

28 қыркүйек – 1 қазан – Солтүстік Қазақстан облысының делегациясы Алматы қаласында өткен Дүниежүзі қазақтарының құрылтайына қатысты.

11-12 қазан – Елбасының бірнеше облыс әкімдерімен кездесуі Петропавл қаласында өтіп, меймандар Совет ауданының “Ленинский” кеңшарында болды. “Динамо” фабрикасында жұмысшылармен кездесті.

18 қазан – Алматы қаласында АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Австрия, Италия, Швейцария, Үндістан және ТМД мемлекеттерінен келген әлемдік діни конфессия өкілдерінің қатысуымен тұңғыш Дүниежүзілік рухани келісім конгресі өтті.

14 желтоқсан – Қазақстан халқының келісім мен ынтымақ Ассамблеясын құру жөнінде Қазақстан халқының форумы өтті.

Облыстық архив материалдары негізінде дайындалды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp