«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТӘУЛІК БОЙЫ ЖАУАП БЕРЕДІ

“Азаматтарға арналған үкімет” мем­лекеттік корпорациясының 1411 байланыс орталығы енді тәулік бойы келіп түскен телефон қоңырауларына жауап беретін болады. Әлеуметтік тө­лемдер мен еңбек саласына қатысты кеңес беретін call-орталық қызмет­кер­лері бұдан былай атаулы әлеу­мет­тік көмек пен әлеуметтік қызмет­тер порталының жұмысына қатысты сауалдарға, сондай-ақ, info@info.­mintrud.kz электронды поштасына ке­ліп түсетін хаттарға да жауап береді.

– Бүгіндері 1411 байланыс орта­лы­ғына еліміз бойынша күн сайын орта­ша есеппен бес мың рет телефон соғылады. Азаматтар демалыс және мереке күндері де қоңырау шалып, өз сауалдарына жауап ала алады. 2020 жылдың басынан бері республика­ның әр түкпірінен 22 мың рет телефон со­ғылды, олардың басым бөлігі зейнет­ақы және әлеуметтік қамсызданды­руға, көпбалалы аналардың ай са­йын­ғы жәрдемақысына, атаулы әлеу­меттік көмек мәселелеріне қатысты бол­ды. Қызмет алушылар халыққа қыз­мет көрсету орталығына бармас бұ­рын, 1411-ге хабарласып, әлеумет­тік қызметтерді рәсімдеуге қажет құ­жаттар тізімін де алдын ала біле ала­ды, – дейді “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы басқарма төрайымының орынбасары Біржан Жүнісов.
1411 бірыңғай қысқа нөміріне тегін қоңырау шала отырып, кез келген опе­ратордан мынадай мәселелерге қа­тысты жауап алуға болады:
– зейнетақы мен жәрдемақыны рәсімдеу;
– көпбалалы отбасының мемле­кет­тік жәрдемақысы;
– атаулы әлеуметтік көмек;
– әлеуметтік қызметтер порталы;
– еңбек қатынастары және ха­лықты жұмыспен қамту;
– мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған адамдарға онлайн-психология­лық консультация беруге өтінім­дер қабылдау.
Бұдан басқа, әлеуметтік төлемдер мен зейнетақы және еңбекпен қамту мәселесіне қатысты негізгі сауалдар­дың жауабын www.info.mintrud.kz сайты арқылы да білуге болады.

Ерназар НҰРҒАЛИЕВ,
“Азаматтарға арналған үкімет”
мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамының пиар-менеджері.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp