«Қызылжар халықаралық әуежайы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің техникалық мүмкіншілігі артып, енді халықаралық бағыттарда жаңа рейстер ашу жоспарланған. Осыған байланысты облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов әуежайдың жаңа директоры Октем Мұстафа Йылтанмен кездесті.
Кездесуде әуежайдың даму перспективалары, инфрақұрылымды жақсарту және жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту мәселелері талқыланды. Әуежай жұмысы алға басып келеді. Мәселен, жақында түнгі рейстерге рұқсат берілді. Нәтижесінде әуежай тәулік бойы ұшақ қабылдай алады. Сондай-ақ жаңа жанармай құю стансасы іске қосылды, бұл логистиканың жақсаруына, үлкен әуе кемелерін қабылдауға жол ашты.
Болашақта жаңа халықаралық бағыттарды ашу жоспарда бар. Бұл әуежайдың әлеуетін ұлғайтып, жолаушыларға қызмет көрсетуді жақсартуға және солтүстікқазақстандықтар үшін туристік мүмкіндіктерді кеңейтуге септігін тигізеді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.