«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТӨБЕЛЕСКЕН СТУДЕНТТЕР ОҚУДАН ШЫҒАРЫЛАДЫ

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің екінші және үшінші курс студенттері төбелесіп, тәртіп сақшыларына ұсталды.

Оқиға қала сыртындағы Есіл өзенінің жағасында орналасқан “Восточный берег” дәмханасының маңында орын алды. Төбелеске жоғары оқу орнында “Серпін” бағдарламасы бойынша білім алып жүрген 46 студент қатысқаны жайлы ақпарат тарады. Бірақ университеттің проректоры Ербол Исақаев бұзақылық жасағандардың арасында жергілікті жастардың да бар екенін айтты.
– Жастардың айтуы бойынша, асханада тамақ алуға кезекте тұрған жігіттер өзара келіспей қалған. Ақыры мәселені сыртта шешпек болып, кездесу белгілеген. Екі жақ та жанына достарын ертіп алып келіп, төбелеспек болады. Бірақ оқиға орнына полицейлер келгенде жастар жан-жаққа бытырап, қаша жөнелген. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, төбелестің салдарынан зардап шегіп, ауруханаға ешкім жүгінген жоқ, – деді Ербол Маратұлы.
Жақын уақытта бұл мәселеге байланысты тәртіптік кеңес шақырылып, істің мән-жайы анықталады. Жанжалдың тууына себеп болған екі студент оқудан шығарылып, қалғандары жатақханадан қуылады. Университет олардың ата-аналарына хабар беріп жатыр.
Сонымен қатар Ербол Маратұлы университет ректоры Серік Өмірбаевтың қызметінен кетуінің бұл жағдайға ешқандай қатысы жоқ екенін мәлімдеді. Ол жұмыстан кету жөніндегі өтінішті 9 қазан күні жазып, Білім және ғылым министрі қол қойғаннан кейін кеше нақты шешім қабылданған.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp