«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТӨЛЕМАҚЫНЫ БАНК КАРТОЧКАСЫ АРҚЫЛЫ АУЛҒА БОЛАДЫ

42 500 теңге мөлшерінде әлеуметтік төлемақы алу үшін клиенттердің карточкалық шоттарын пайдалануға болады.

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төтенше жағдай кезеңінде Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында екінші деңгейдегі банктермен және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдармен төтенше жағдай режіміне байланысты кірістерінен айырылған азаматтарға 42 500 теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек есептеуге және олардың алуын қамтамасыз ету бойынша тиісті жұмыс жүргізді.
Ол үшін екінші деңгейдегі банктер әлеуметтік төлемақылардың клиенттердің банктік шоттарына есепке жазылуын барынша қамтамасыз етулері тиіс. Әлеуметтік көмек көрсетілуі тиіс клиенттердің банктік шоттарына тыйым салу немесе басқа шектеулер салу фактілері анықталған жағдайда тыйым салуға және 42 500 теңге мөлшерінде әлеуметтік төлемақыны өндіріп алуға жол бермеу шаралары қабылданады.
Төтенше жағдай және карантин кезеңінде азаматтардың әлеуметтік төлемақы алулары үшін ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі карточкалық шоттарды көрсетуді ұсынады.
Толығырақ ақпаратты мына телефон бойынша алуға болады:+7 (727) 2788 121
e-mail: Fingramota@finreg.kz
 www.finreg.kz

Сурет kaztag.kz/ сайтынан алынды. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp