Ташкент қаласында қазақ халқының бірлігін нығайтуға зор үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері, шешен Төле бидің 355 жылдығы атап өтілді.
Жиналған халық Шейхантаур мемориалдық кешенінде қазақ биінің рухына тағзым етті. Бұдан бөлек, Қазақстандағы Өзбекстан жылы аясында Төле биді еске алуға арналған конференция өтті. Оның барысында бауырлас қос елдің ғалымдары мен жазушылары ұлы шешеннің қоғамдық қызметі туралы баяндамалар жасады.
Еске сала кетсек, қазақтың үш ұлы биінің екеуі Өзбекстанда жерленген: Төле би Ташкенттегі Қарлығаш би мавзолейінде, Әйтеке би — Навои облысында.