«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТӨЛҚҰЖАТҚА СҰРАНЫС АРТТЫ

Өткен аптада Қазақстан-Ресей, Қазақстан-Қырғыстан шекараларын бұрынғыдай ішкі құжаттармен кесіп өтуге уақытша шектеу қойылды. Осыған орай өңірімізде жеке төлқұжат алуға өтініштердің саны күрт артты. Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері бір күнде құжаттандыруға қатысты 800-ден астам өтініш қабылдады, оның басым бөлігі төлқұжат алуға байланысты болды. Қызмет көрсетуді жеделдету мақсатында жұмыс орындарының саны арттырылды.

«Жұмыс ауқымы көбейгеніне орай жұмыс орнының саны екі есе арттырылды. Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты төлқұжат бойынша да елдің шегінен тыс жерге шығуға шектеу қойылғанын тұрғындардың есіне саламыз», — дейді көші-қон қызметі басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Талғат Әбілов.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp