«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТӨЛ БАСЫЛЫМ– ТӨРДЕ

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ саласы қызметкерлерін марапаттады. Олардың қатарында биыл 105 жылдығын атап өткен облыстық «Soltustik Qazaqstan» газеті де бар.

Президент, журналистер қауымын алдағы Бұқаралық ақпарат құралда­рының қызметкерлері күнімен құт­тықтап, ұлттық медиа – халықтың үні, ал журналист жасампаздық жаршысы екенін атап өтті.

– Сіздер мемлекет саясатын елге түсіндіріп, қоғам мен биліктің ара­сында көпір болып келесіздер. Елімізде жасалып жатқан реформа­лардың мән-мағынасын жұртшы­лыққа жеткізіп жүрсіздер. Бұл – өте маңызды, күрделі, ерекше жұмыс. Әрбір адамның қолынан келмейді. Мен бүгін бәріңізге шынайы риза­шылығымды білдіремін, – деді Мем­лекет басшысы.

Мемлекет басшысы қазір арқаны кеңге салатын уақыт емес екенін айта келе, әлемдегі геосаяси, геоэкономи­калық ахуал шиеленісе түскеніне тоқ­талды. Президенттің айтуынша, алма­ғайып, бұлыңғыр заманда, ең алды­мен, ел бірлігін сақтап, басты байлы­ғымыз – тұрақтылық пен тыныштық­ты бағалау қажет.

Мемлекет басшысы жыл сайынғы дәстүрге сай журналистерге Прези­дент сыйлығы мен гранттарын тапсы­рып, алғысын жариялады. Сонымен қатар медиа саласының өкілдерін мемлекеттік наградамен марапаттады. Биыл 105 жылдығын атап өткен об­лыстық «Soltustik Qazaqstan» газетінің шығармашылық ұжымына Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ са­ласындағы Алғысы табысталды. Ұжымға бұйырған марапатты Мемле­кет басшысының қолынан облыстық газеттің бас редакторы Нұргүл Оқаше­ва алды.

Іс-шарада журналистика саласы­ның ардагері Шархан Қазығұл, «Ка­захстанская правда» газетінің бөлім меңгерушісі Юлия Магер және «Ха­бар» телеарнасының жүргізушісі Гүлнәзия Зарипова сөз сөйледі.

Самрат ҚҰСКЕНОВ,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp