Теннистен әлемнің бірінші ракеткасы, сербиялық Новак Джокович АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өтіп жатқан “US Open” турнирінен шеттетілді.
Новак Джокович бұл турнирге де бірінші нөмірлі теннисші ретінде тіркелген еді. 1/8 финалда ол испаниялық теннисші Пабло Каррено-Бустамен кездесіп жатқан. Бірінші сет барысында ол бір рет допты бар күшімен шығарып, төрешіден бір ескерту алған. Ал 11 сет барысында Джокович қарсыласына брейк беріп қойды. Бұған көңілі толмаған теннисші допты артындағы қабырға жаққа қарай ұрып жібереді. Алайда, ол сызық бойында тұрған төрешілердің біріне тиіп, оны есінен тандырады.
Бұл оқиғаға байланысты турнир ұйымдастырушылары Новак Джоковичпен ұзақ сөйлесіп, соңында сербиялық теннисшіні турнирден шеттету туралы шешім қабылдайды. Енді Пабло Каррена-Бутса келесі кезеңде Германия өкілі Александр Зверевпен кездеседі.
Айта кетейік, теннис тарихында мұндай жағдай әлемнің бұрынғы үшінші ракеткасы, аргентиналық Давид Налбалдянның да басынан өткен болатын. Ол да допты төрешіге дәл тигізгені үшін 2012 жылы Австралия біріншілігінен шеттетілген еді.