«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТӨРТІНШІ ОРЫНДЫ МІСЕ ТҰТТЫ

Облыс орталығындағы олимпиадалық резервтегі “Дельфин” балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде суда жүзуден “Көңілді дельфин” республикалық сайысы мәресіне жетті. Оған 2002 жылы туған жасөспірімдерден жасақталған 22 құрама команда, жалпы 250-ден астам жүзгіш қатысты. 50 және 100 метр қашықтықты брасс әдісімен жүзген қызылжарлық жүзгіш Данил Панкур екі алтын медальға ие болды. Рахат Қазбеков 100 метрде қоланы еншіледі. Сонымен қатар, 4х50 метр эстафетасында солтүстікқазақстандықтар екінші болды. Сөйтіп, Алматы, Қарағанды және Сәтбаев қалаларының құрама командаларына жол берген жергілікті құрама команда жалпыкомандалық есепте тек төртінші орынға тұрақтады. Үшкүндік бәсекенің барлық жеңімпаздары мен жүлдегерлері кубоктармен, медальдармен және де грамоталармен марапатталды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp