«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТӨРТ АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ

Кеше, 21 сәуір күні Мамлютка қаласының Скачков көшесіндегі 12-ші үйде өрт шықты, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі.

Мамлюткадағы №15 өрт сөндіру бөліміне хабар келіп түсімімен, құтқарушылар 3 минуттың ішінде оқиға орнына жетті. Көршілері өрт болып жатқанын кеш аңғарса керек, бұл уақытта үй түгелімен отқа оранған еді.

Өртенген үйдің ішінен қаза тапқан үш адамның денесі табылды. Олардың бірі   1977 жылы туған үй иесі болса, екіншісі 1970 жылы туған ер адам және тағы бірі – 1983 жылы туған әйел.

Тілсіз жау 70 шаршы метр алаңды шарпыған. Әсіресе, үйдің төбесі қатты зардап шегіп, құлаған.

Дәл осы күні таңғы 6 жарым кезінде Айыртау ауданындағы Лавровка селосындағы «Лавровское» ЖШС-інің күзет ғимаратында 1963 жылы туған ер адам өрттен қаза тапты. Жұмысшылар өрт сөндірушілерді шақырмай-ақ, қызыл жалынды өздері сөндіріпті. Өрт пештің көмірі тақтай еденге шашылғанынан шыққан.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp