11 қыркүйектегі мәлімет бойынша 3210 мың гектар бидайдың 1384,3 мыңы жиналды. Бұл егістік алқаптың 43,1 пайызын құрайды. Бастырылған астық – 1062,5 мың гектар немесе 33,1 пайыз. Жиналған астық 1462 мың тоннаны құраса, орташа гектар берекелігі – 13,8 центнер.
Егін орағы науқанында Қызылжар, Мамлют, Есіл және Уәлиханов аудандары көш басында тұр. Ал орақ науқанына 9 мыңнан астам комбайн қатысуда.
Күзгі орақ науқанын ойдағыдай өткізу үшін Үкімет тарапынан 73 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді.
Жалпы сыйымдылығы 3,4 миллион тоннаны құрайтын 53 лицензияланған астық қабылдау кәсіпорны жаңа орақтың астығын қабылдауға дайын. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерде 3 миллион тоннадан асатын қоймалар бар. Сөйтіп, облыс 6,5 млн.тонна астық сақтай алады.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.