«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТӨРТ СҮТ КЕШЕНІ АШЫЛАДЫ

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының хабарлауынша, алдағы уақытта өңірімізде төрт заманауи сүт кешені пайдалануға берілмек.

Ақжар ауданындағы “Бекет” шаруа қожалығы – 300 бас симменталь тұқымын, Айыртау ауданындағы “Прекрасное” шаруа қожалығы – 200, ал Мағжан Жұмабаев ауданындағы “Акса-Север” серіктестігі 165 сиыр сатып алған. Мамлют ауданындағы “Мәмбетов және К” коммандиттік серіктестігі Украинадан 600 бас асылтұқымды мал әкелуді жоспарлап отыр.

Қазіргі уақытта облыста 14 заманауи сүт кешені жұмыс істейді. Атап айтқанда, “Зенченко және К”, “Тайынша-Астық” серіктестіктері әр сиырдан жылына 8 мың литр сүт сауады. Бұл – облыстағы ең жоғары көрсеткіш. Ал “Петерфельд-Агро”, “НұрСенАгро” серіктестіктері мен “Леонов” шаруа қожалығында бұл көрсеткіш 5 мың литр.

Облыста жылқы, қой, шошқа және құс шаруашылығы да серпінді дамып келеді. Өңірде жалпы саны 354 мың бас ірі қара, 377 мың бас қой мен ешкі, 110 мың жылқы, 196 мың шошқа және 4,9 миллион құс бар. Жыл сайын облыста 500 мың тонна сүт, 90 мың тонна ет және 584 миллион дана жұмыртқа өндіріледі. Ет және ет өнімдерінің экспорттық әлеуетін дамыту бағдарламасы өз жемісін беріп, 40-қа тарта асылтұқымды мал басын көбейтетін репродукторлар құрылды.

“Қызылжар-Ақпарат”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp