«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ КЕЗІНДЕ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС

Коронавирус инфекциясының таралуына жол бер­меу жөніндегі шаралар шеңберінде жекелеген ұйымдардың қызметі шектелді.
Мұндай жағдайларда еңбек заңнамасында толық емес жұмыс уақытын енгізуді, қашықтан жұмыс істеу тәртібін белгілеуді, жұмыстың тоқтауы, жұмыстан қысқарту және т.б. шараларды қоса алғанда, қызметкерлердің еңбек қызметін жүзеге асыру үшін түрлі тетіктер қарастырылған. 

 Коронавирус инфекциясының алдын алу шараларын жүргізу кезінде жұмыстан заңсыз босатылған немесе еңбек құқықтары бұзылған жағдайда қызметкерлер Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының 8 (7152) 50-33-42 сенім телефонына немесе ұйымның атауын және байланыс деректерін көрсете отырып, inf.git@sko.kz электронды мекенжайына өтініш жібере алады.
Жұмыс берушілерді өз қызметкерлерінің алдында әлеуметтік жауапкершілік көрсетуге және еңбек заңнамасының қатаң сақталуын қамтамасыз етуге шақырамыз.

 

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp