«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

УАҚЫТША ҰСТАУ АБАҚТЫСЫ АШЫЛДЫ

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның орталығы Новоишимка селосында жаңартылған уақытша ұстау абақтысы ашылды. Бұл облыс аумағында жұмыс істейтін он екінші мекеме. Абақтыда 12 орынға арналған үш камера бар. Мұнда медициналық қызметкер кабинеті, тергеу және тамақ тарататын бөлмелер, серуендеу алаңы қажетті құралдармен толық жабдықталған.

2015 жылдың маусым айында ауданаралық экономикалық соттың шешімімен аудандық уақытша ұстау абақтысының жұмысы уақытша тоқтатылған болатын. Күдіктілер мен айыпталушылар, тәртіп бұзушылар облыс орталығы мен көршілес аудандардағы уақытша ұстау абақтыларына жеткізіліп тұрды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp