«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

УАҚЫТ НАЙҚАЛУДЫ КӨТЕРМЕЙДІ

Солтүстік Қазақстан облысының жаңа әкімі Құмар Ақсақаловтың алғашқы жұмыс күні түн ортасына дейін созылды. Өңір басшысы 13 ауданның әкімдерін жеке-жеке қабылдап, атқарып жатқан жұмыстары туралы есептерін тыңдады.

Құмар Іргебайұлы оларға алда тұрған міндеттерді айқындап берді. Барлық әкімдер мен басшылардың жұмысы қарапайым тұрғындардың өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталып, олар оң өзгерістерді күн сайын сезініп отырулары қажеттігін қадап айтты. Бұл облыс басшыларының жұмысын бағалаудағы басты талаптардың бірі болмақ.

– Найқалып отыруға уақыт жоқ. Уақыттан оза жұмыс істеуіміз керек. Айналамыздағыны және өзімізді өзгертуіміз қажет, – деді өңір басшысы. Құмар Ақсақаловтың айтуынша, әрбір мемлекеттік шенеуніктің өз қызметінде заманауи трендтер мен үрдістерге ілесе білуі маңызды.

– Адам өзін-өзі дамытып, жетілуі қажет, қалыптасып қалған ескі қағидаларды, пікірлерді бұзып, уақытпен бірге алға жылжығаны жөн. Жаңа уақыт бізден күрделі мәселелерді шешуде тың қадамдар жасауды талап етуде. Бұл басты міндет. Сонымен қатар әлемнің үздік деген стандарттары мен тәжірибелеріне сүйенуіміз қажет, – деді Құмар Іргебайұлы.

Облыс әкімі қоғамдық бақылау мен көрсетілетін мемлекеттік қызметтің ашықтығын қамтамасыз етуді тапсырды. Қоғамда болып жатқан үрдістерге заманауи көзқарас қалыптастырудың да маңызы зор екенін атап көрсетті.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp