«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

УКРАИНА ПРЕЗИДЕНТІМЕН СӨЙЛЕСТІ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Украина Президенті Петр Порошенко телефон арқылы сөйлесті.  

Мемлекеттер басшылары Украинадағы қазіргі ахуалды, сондай-ақ, екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Петр Порошенко жоғары деңгейдегі кездесуді өзінің Астанада өткізуге ықыласты екенін растады. Ол, сонымен қатар, таяу уақытта “норманд төрттігінің” сыртқы істер министрлері мен Шығыс Украинадағы дағдарыс жөніндегі байланыс тобының кездесуі өтетінін, онда Қазақстанның елордасында талқыланатын құжаттың жобасы әзірленетінін атап өтті.

Әңгіме барысында Украина, Ресей, Германия және Франция көшбасшыларының Астанадағы кездесуін қаңтардың аяғында өткізу қарастырылып отырғаны айтылды. Телефон арқылы сөйлесуге Украина жағы бастамашы болды.

“ҚазАқпарат”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp