«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

УКРАИНА ПРЕЗИДЕНТІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президенті лауазымына сайлануына байланысты Петр Порошенкоға құттықтау жеделхатын жолдады.

Қазақстан Президенті сайлау нәтижелері өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге, ішкі саяси тұрақтылыққа қол жеткізіп, қоғамды біріктіруге бағытталған П.Порошенконың сайлауалды бағдарламасының кеңінен қолдау тапқандығының айғағы екенін атап өткен. Нұрсұлтан Назарбаев П.Порошенконың жауапты қызметіне табыс, ал бауырлас украин халқына татулық, тұрақтылық және бақ-береке тіледі.

ҚазАқпарат.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp