
Облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Думан Таев Аққайың ауданындағы учаскелік инспектор Азатбек Темірханұлына қызметтік үйдің кілтін табыс етті. Трудовое ауылында орналасқан ауданы 75 шаршы метр үйді “Санта-Мария” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жетекшісі Павел Леонов салғанын айта кету қажет.
Полиция лейтенанты Азатбек Темірханұлы Ішкі істер министрлігі, полиция департаменті және жергілікті атқарушы билік органдарына өзінің алғысын білдіріп, мұндай қолдау құқық қорғау саласында еңбек ететін тәртіп сақшыларының жұмысына серпін беретінін айтты.