«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

«Учаске» операциясы

 

7 қыркүйек күні басталған «Учаске» операциясының мақсаты облыстың әрбір ересек тұрғынына өздерінің учаскелік инспекторымен танысуға, әңгімелесуге, телефон нөмірлерін алуларына жағдай жасау болып табылады. Облыста 289 әкімшілік учаске бар. Операция барысында 5633 жер үй мен 2877 пәтер, оның ішінде 205 жалдамалы пәтер араланбақ. Сондай-ақ, 5 мыңнан астам саяжай үйлерін тексеру жоспарланған. Бұрын сотталған адамдарды, проблемалы отбасыларды, сонымен қатар қару иелерін тексеруге ерекше көңіл бөлінеді. Басты міндет – қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және уақтылы анықтау.

«Учаске» операциясының басында ішкі істер органдарында есепте тұрған 844 адам тұрғылықты жері бойынша, оның ішінде бас бостандығынан айыру орындарынан шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған 120 адам тексерілмек. Облыста 7353 азаматтық қару иесі ішкі істер органдарының есебінде тұр. «Учаске» операциясының басында тұрғылықты жері бойынша оның 669-ы тексеріліп, 12 бұзушылық анықталды. 5 атыс қаруы алынды, олардың барлығы тегіс ұңғылы қару болып табылады.
Өңірдегі 289 учаскелік полиция инспекторы күн сайын 202 учаскелік полиция пунктінде азаматтарды қабылдайды. Халықтың көп шоғырлануына байланысты облыс орталығында қызмет көрсететін полицейлердің жүктемесі ауыр. Петропавл қаласында 97 учаскелік полиция инспекторы 13 «тірек» пункттерінде қызмет көрсетеді. Биылғы сегіз айдың ішінде қалалық учаскелік полиция инспекторлары 1810 қылмыстың бетін ашып, 16 мыңнан астам түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтады.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp