«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ФЕСТИВАЛЬҒА ҚАТЫСТЫ

Астана күні қарсаңында елордада “Сахнадан сәлем” атты III халықаралық театр фестивалі өтті. Ресей, Грузия және еліміздің бірқатар театр ұжымдары өнер көрсеткен фестивальға С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театры да қатысты.

Бір аптаға созылған фестивальда Тбилиси қаласының мемлекеттік академиялық орыс драма театры және Сергей Безруков жетекшілік ететін Мәскеу губерниялық театры көрсеткен спектакльдер көрерменнің зор қошеметіне ие болды. Актер Сергей Безруков Эдмон Ростанның “Сирано де Бержерак” пьесасын көрсетті. Қазақ театрлары “Шоқан”, “Махаббат мұңы”, “Естайдың Қорланы”, “Қорқыттың көрі” және тағы басқа спектакльдерді ұсынды. Мұқановтықтар фестивальда Г.Хугаевтың “Қара шекпен” пьесасын көрсетті. Оның режиссёрі – Баатырбек Шамбетов. Режиссёрдің айтуынша, қызылжарлық сахнагерлердің өнерін астаналықтар жақсы қабылдап, театр сыншылардың оң пікіріне ие болды.

(Өз тілшіміз).  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp