Ақтөбе қаласында Қазақстан драма театрларының ХХІV республикалық фестивалі өтіп жатыр. Бұл мәдени шараны Мәдениет және спорт министрлігі облыс әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырған. Фестивальдің мақсаты елімізде театр өнерін насихаттау, оны дамыту, дарынды актерлер мен режиссерлерді ынталандыру, қазіргі заманғы сахна өнеріндегі жаңа бағыттарды анықтау, өскелең ұрпақты патриотизм рухында тәрбиелеуге атсалысу болып табылады.
Фестиваль шымылдығы Солтүстік Қазақстан облыстық С.Мұқанов атындағы қазақ музыкалық драма театры сахналаған “Дауылпаз баба – Қожаберген” спектаклімен ашылды. Спектакльдің режиссері Баатырбек Шамбетов.
Фестиваль күндері көрермендер тарихымыздан сыр шертетін құнды қойылымдармен қатар, драматургия классиктері У.Шекспир, А.Чехов, Н.Гоголь, Ш.Айтматов сынды авторлардың туындыларымен де таныса алады.