«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ФЕСТИВАЛЬ ШЫМЫЛДЫҒЫН МҰҚАНОВ ТЕАТРЫ АШТЫ

Ақтөбе қаласында Қазақстан драма театрларының ХХІV рес­пуб­ликалық фестивалі өтіп жатыр. Бұл мәдени шараны Мәде­ниет және спорт министрлігі об­лыс әкімдігімен бірлесіп ұйым­дас­тырған. Фестивальдің мақсаты елі­мізде театр өнерін насихаттау, оны дамыту, дарынды актер­лер мен режиссерлерді ынталан­дыру, қазіргі заманғы сахна өнерін­дегі жаңа бағыттарды анықтау, өскелең ұрпақты патриотизм рухында тәр­биелеуге атсалысу болып табыла­ды.

Фестиваль шымылдығы Сол­түс­тік Қазақстан облыстық С.Мұ­қанов атындағы қазақ музыкалық драма театры сахналаған “Дауылпаз баба – Қо­жа­­берген” спектаклімен ашыл­ды. Спектакльдің режиссері Баатырбек Шамбетов.

Фестиваль күндері көрер­мен­дер тарихымыздан сыр шертетін құнды қойылымдармен қатар, драматургия классиктері У.Шекспир, А.Чехов, Н.Гоголь, Ш.Айтматов сынды авторлардың туындыларымен де таныса алады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp