Солтүстік Қазақстан облыстық филармониясы 52-ші концерттік маусымын екісағаттық бағдарламамен жапты.
Сенбі күні «Жастар сарайын» лық толтырған көрермендердің бұл концертте қазақстандық эстрада жұлдызы Дильназ Ахмадиеваның өнерін де тамашалаймыз деген үміттері ақталмады. Әнші ауырып қалғандықтан келе алмапты. Дегенмен екі сағаттық бағдарлама барысында өнер көрсеткен үш оркестрден бастап вокалдық-аспаптық ансамбльдер,би ұжымдары, жеке орындаушылар көрермендерді разы етті.