Облыс орталығының “Жастар” стадионында жасөспірімдер арасында футболдан облыс біріншілігі өз мәресіне жетті. Екі күнге созылған сайыста облыс аудандарының және Петропавл қаласының 11 командасы сынға түсті.
Жарыстың қорытындысы бойынша кіші жастағылар тобында Тайынша ауданының командасы жеңімпаз атанды. Қызылжар ауданының өкілдері екінші орынға ие болды. Ал петропавлдық “Жеңіс” командасы үздік үштікті түйіндеді. Ересектер арасынан Қызылжар ауданы топ жарса, Шал ақын және Есіл аудандарының командалары да мықтылық танытты.