«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ХАЛАЛ СЕРТИФИКАТЫ СҰРАНЫСҚА ИЕ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының халал өнімдерін стандарттау бөлімінің басшысы Смайыл Сейітбеков “Қызылжар” орталық мешітінде өңір кәсіпкерлерінің басын қосып, халал өнімдерді стандарттауға қатысты семинар өткізді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған “Халал даму” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі халал өнімдерді сертификаттаумен 2014 жылдан бері айналысып келеді. Ұйым осы күнге дейін ел бойынша 310 мекемеге сертификат берген екен.
Аталмыш құжат бір жылға ғана жарамды. Ай сайын бақылаушы-инспекторлар өндіріс орнына барып, кәсіпорынды тиісті тексе­рістерден өткізіп отырады.
– Егер өнім талапқа сай бол­маса, ескерту жасалады. Оны елемеген жағдайда сертификатты қайтарып алып, келісімшартты бұзамыз. Өйткені, халыққа ұсынатын өнім талапқа сәйкес таза әрі адал болуы тиіс, – деді Қазақстан мұсылмандары діни бас­қармасының халал өнімдерді стандарттау бөлімінің басшысы Смайыл Сейітбеков.
Маманның пікірінше, мал соятын қасапшыларды да оқыту маңызды. Өйткені, мал шариғат талаптарына сай бауыздалуы тиіс. Шара барысында бірқатар кәсіпкерлерге халал сертификаты салтанатты түрде табысталды. Мұндай құжат өңіріміз­­дегі 28 кәсіпкерде бар.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp