«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Халықаралық әуе рейстері азаяды

Қазақстан Республикасы аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 19 қазандағы шешіміне сәйкес, Қазақстан Республикасы Ден­сау­лық сақтау министрлігінің ұсыным­дарын, Дүниежүзілік денсаулық сақ­тау ұйымының (ДДҰ) картасына сәйкес эпи­демиялық жағдайдың дең­гейі ескерілді.

Осыған орай, 2020 жылғы 26 қазан­нан бастап келесі елдерге/елдерден халықаралық жолаушылар рейстерінің саны:
1) Біріккен Араб Әмірліктері – аптасына 8 рейске;
2) Беларусь – аптасына 5 рейске;
3) Германия – аптасына 2 рейске;
4) Украина – аптасына 2 рейске азайтылады.
Рейстер санитарлық-эпидемиялық талаптарды (термометрия, әлеуметтік қашықтық, бетперде кию, ПТР тесті және т.б.) қатаң сақтай отырып және эпидемиялық жағдайдың жақсаруына қарай әуе компанияларының сайттарында жарияланатын кестеге сәйкес орындалады.


https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp