«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ХАЛЫҚТЫҢ ТАҢДАУЫ – «БОТАЙ»

Елордада «Халықтың сүйіктісі – 2025» ұлттық сый­лығының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. Халықтың ықыласына бөленген ерекше жоба­лар мен әр саланың мамандары анықталатын жиын биыл 15-ші рет өткізіліп отыр. Үміткерлер «Жылдың үздік мұғалімі», «Жылдың үздік ғалымы», «Жылдың үздік спортшысы», «Жылдың мәдени жобасы» сын­ды аталымдар бойынша таңдалды.

Аталған жобаның қорытындысында екі аталым бойынша теріскейліктердің бағы жанды. Ботай мәдениетіне арналған ес­керткіш «Елдің үздік мәдени жобасы» аталымында үздік деп та­нылды. Мәдени нысан былтыр ашылған болатын. Ботай мәде­ниеті жылқыны алғаш қолға үйретумен және көшпелі өмір сал­тының қалыптасуымен тығыз байланысты.

Салтанатты іс-шарада «Жылдың үздік спортшысы» атағы жерлес боксшы Наталья Богдановаға берілді. Бұл марапат – оның әлемдік деңгейдегі жетістігінің көрсеткіші. Желтоқсан айында «World Boxing» нұсқасы бойынша теріскейлік спортшы ресми түрде әлемнің үздік боксшысы деп танылған.

Бұдан бөлек, Асхат Аймағамбетов – жылдың үздік медиа-тұл­ғасы, Индира Сарыбаева үздік дәрігер, Қуаныш Асқарбеков – үздік параспортшы, Сұлтанбек Бекешев үздік жастар көшбасшы­сы атанды.

Диас АЯҒАН,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp