«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫ

Аудандық мәслихаттың 12 депутаты мен облыстық мәслихаттың бір депутаты өз сайлау округтеріндегі мектеп оқушыларына жылда материалдық көмек береді. Биыл олар 112 000 теңге қаражатты өз қалталарынан шығарып, көпбалалы отбасының жеті баласына, аз қамтылған отбасының үш баласына, ата-анасынан айрылған бір балаға, толық емес отбасының бір баласына қолдау көрсетті.

Ұрпаққа білім беру – қоғам үшін аса маңызды мәселе. Еліміздің ертеңін солар жалғастырады. Ендеше, әр бала білім алуға, дәстүрлі мерекелердің шаттығын сезінуге құқылы. “Мектепке жол” акциясы сияқты шаралардың діттеген мақсаты да осы. Бүгінгі оқушылар қоғамымыздың лайықты азаматтары болып, олар елдігіміздің тұғырын нығайта түсетіндеріне бүгінгі аға буын үлкен сеніммен қарайды.  

Айжан ТӨЛЕУБАЕВА,

Уәлиханов аудандық мәслихатының бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp