«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ХАРТИЯҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Қазақстанның бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары басшылары 2016 жылдың 20 наурызында өтетін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің кезектен тыс және мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы науқанын ақпараттандыру барысында этикалық нормаларды сақтау туралы Хартияға қол қойды.

Аталған Хартия Қазақстан Республикасы Конституциясына, ҚР “Сайлау туралы” және “Бұқаралық ақпарат құралдары туралы” Заңдарына сәйкес жасалған.

Хартияның негізгі мақсаты қазақстандықтарды сайлау науқаны, сонымен бірге Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттарының депутаттығына кандидаттардың қызметтері туралы БАҚ-та шынайы әділ, толық және сенімді ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады.

Сонымен бірге, Хартияда БАҚ Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттығына тіркелген барлық кандидаттардың, олардың саяси көзқарастарына қарамастан, өздеріне теңдей мүмкіндікке ие болуына ықпал ете алатыны және солай етуге тиісті екені жазылған.

“ҚазАқпарат”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp