Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектеп ұжымы жыл сайын 1 тамыздан бастау алатын республикалық “Мектепке жол” акциясына қатысады. Жаңа оқу жылына дайындық кезінде аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсету, олардың түрлі әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу үшін 22 оқушыға кеңсе тауарлары берілді. Сондай-ақ, облыс орталығындағы “Сбербанктің” қызметкерлері 3 оқушыға демеушілік жасады.
Аталмыш шарамен қатар мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған “Жолашар” акциясы да жүргізілуде. Осыған орай денсаулығында кінәрат бар балғындарға кеңсе тауарлары таратылды.
Гауһар ЖАҚАЕВА,
Қожаберген жырау атындағы
№6 орта мектептің әлеуметтік ұстазы.
Петропавл қаласы.