
Шал ақын ауданында оқушылар арасында қоғам қайраткері Мәркен Ахметбековті еске алуға арналған еркін күрестен аймақтық ашық турнир өтті. Он бір салмақ дәрежесінде өткен спорттық іс-шараға Шал ақын, Тимирязев және Есіл аудандарының балуандары қатысып, бақтарын сынады.
Өмірсерік ЕСМАҒАНБЕТОВ,
М.Ахметбеков атындағы орта мектептің мұғалімі.
Бәсекелі додада қарсыластарынан басым түсіп, жеңістің биік тұғырына көтерілген балуандарды атап өтер болсақ, шалақындық спортшылар: Сәкен Кәкімжан (26 кг.), Рамазан Сәлім (29 кг.), Арыстан Қайыржанов (54 кг.), Рахат Қайроллаев (32 кг.), Арслан Икласов (35 кг.), Жомарт Елубаев (38 кг.), Азат Оразбаев (70 кг.,) және Ерсін Әміржанов (42 кг., Тимирязев а.), Әбілқайыр Тақымов (48 кг., Петропавл қ.), Айбар Әбілқасов 60 кг., (Есіл а.) жеңіске жетті.