Петропавлда шахматтан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының ашық кубогы өтті.
Екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған бұл турнирге мемлекеттік қызметшілер, ардагерлер, депутаттар мен қоғамдық кеңес мүшелері қатысты. Турнирдің басты мақсаты – елімізде бұқаралық шахматты дамыту және оны кеңінен насихаттау. Оқушылар сарайында өткен сайысқа облыстың түкпір-түкпірінен келген 80-ге жуық әуесқой шахматшы қатысты. Олардың арасында жасы 80-ге таяған Бейсен Құлшықов та бар.
Турнир швейцариялық жүйе бойынша 9 турдан тұрды. Іріктеу кезеңінің нәтижесінде 35 үздік ойыншы жартылай финалға жолдама алып, одан әрі финалдық сынға өтті.
Соңғы жылдары елімізде шахмат спортына деген қызығушылық артып келеді. Түрлі деңгейдегі жарыстар жиі ұйымдастырылып, бұқаралық сипат алуда. Іріктеу турнирлерінің жеңімпаздары медальдармен және дипломдармен марапатталды.
Рахымжан ЕЛУБАЙ.