Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Шарық гидроторабы еріген қар суына толып, кемерінен асуы және маңайдағы елді мекендерді су басуы ықтимал. Қазіргі кезде жақын маңдағы ауыл тұрғындарын көшіру жұмыстары жүргізілуде.
Аудандық ішкі істер, төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімдердің және жергілікті атқару органдары қызметкерлерінің күшімен су басуы ықтимал аймаққа жататын гидротораптан 1,5 шақырым жердегі Мәдениет ауылының (34 адам) және 12,5 шақырым жерде орналасқан Гавриловка ауылының (78 адам) тұрғындарын көшіру жұмыстары басталды. Тұрғындар Көкалажар ауылындағы орта мектептің ғимаратына орналастырылуда. Оқиға орнына облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров, Ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Жасұлан Жұмашев, облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің бастығы Павел Филиппов келді.
Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің
баспасөз қызметі.