«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ШАТЫРЫ ОПЫРЫЛЫП ТҮСТІ

 

Облыс орталығындағы бес қа­батты үйлердің бірінің шатыры опырылып түсті. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.

Оқыс оқиға 11 ақпан күні сағат кешкі алты шамасында болған. Осы уақытта облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментке Интернационал көшесі, 2 мекенжайындағы бесқабатты үйдің шатырының ішінара опырылып құлағандығы туралы хабар түсті. Апат болған жерге департементтің, Петропавл қалалық әкімдігінің мамандары бірден жетті. 

Белгілі болғандай, бесқабатты, 120 пәтерлі үй 1968 жылы салынған. Алдын ала болжам бойынша, шатырдың ағаш конструкциясы шіріген немесе жауған қарды көтере алмай опырылып кеткен.
Былтыр наурыз айында Петропавлдағы Болатбаев көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінің шатыры қалың қарды көтере алмай ортасына түскен еді. Мамандар мұндай олқылықтарды болдырмау үшін алдағы уақытта облыс орталығындағы ескі үйлердің бә­рін тексеріп шықпақ.


 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp