Атақты шахматшы Динара Сәдуақасованың «Шахмат ойнап үйренейік» деп аталған алғашқы кітабының тұсаукесері өтті.
Кітап қазақ тілінде жазылған. Бұған дейін елімізде қазақ тілінде халықаралық шахмат техникасын көрсететін оқу құралы болмаған екен. Автор енді бұл оқулықты мектептерге, түрлі білім беру мекемелеріне таратпақшы. Оның басты мақсаты – балалар мен жастар арасындағы шахмат ойынын танымал ету. Осы ретте желтоқсанның 22-де Астанада Динара Сәдуақасова атындағы шахмат академиясы ашылмақшы. Ал 2019 жылдың басында Динара Атырауда да шахмат академиясын ашуды жоспарлап отыр.
Динара Сәдуақасова – әйелдер арасындағы халықаралық гроссмейстер, шахматтан төрт дүркін әлем чемпионы, 2018 жылдың тамыз айында әлемдік рейтингіде 12-ші орынға ие болған ең мықты шахматшылардың бірі.
www.inform.kz/ru/dinara-saduakasova-napisala-knigu-o-shahmatah-na-kazahskom-yazyke_a3473688