Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Фирдоусидiң «Шахнамесi» — әлем әдебиетiнiң жауһары» тақырыбында жаңа көрме ашылды.
Көрмені Қазақстандағы Иран Ислам Республикасы елшiлiгiнiң мәдениет өкiлдiгi ұйымдастырған. Оған қойылған жүзден астам жәдігерлер ішінде Фирдоусидің атақты «Шахнаме» дастанының сюжетіне негізделген суреттер , Иран елі қолөнер шеберлерінің ежелден бері қолданып келе жатқан «хатам», «минакари» әдістері бойынша ағаштан, металдан жасалған сан алуан туындылары бар. Көрме қазан айының аяғына дейін жұмыс істейді.