Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жылсайынғы Жолдауына сәйкес мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының жұмысы азаматтардың конституциялық құқықтарының, олардың еңбек және әлеуметтік кепілдіктерінің сақталуын қорғауға бағытталған.
Мемлекеттік еңбек инспекторлары 2014 жылы облыстың 322 кәсіпорнын тексерді. Тексеріс барысында еңбек заңнамасын бұзушылықтың 1143 фактісі ашылды, соның ішінде 737-сі – еңбек қатынастары, 390-ы – еңбек қауіпсіздігі мен оның қорғалуы және 16-сы – жұмыспен қамту бойынша анықталған тәртіп бұзушылық. 555 лауазымдық және заңды тұлға айыппұл салу түріндегі жалпы сомасы 24 миллион теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Уақтылы және толық көлемді еңбекақы төлемдерін жасауды талап ететін еңбек заңнамасын бұзғаны үшін 47 заңды тұлғаға сомасы 4,3 миллион теңгенің айыппұлы салынды. Өткен 2014 жыл ішінде 1221 ұйым басшысы мен тұлғалар еңбек қауіпсіздігі мен оның қорғалуы бойынша оқытылып, аттестаттаудан өткізілді.
Мемлекеттік еңбек инспекторлары еңбеккерлердің өздеріне қатысты еңбек құқықтарына нұқсан келгені туралы 653 жазбаша өтініш пен шағымды қарады, олардың 590-ы – еңбек және 63-і еңбек қорғау тәртібін бұзушылыққа қатысты.
Мемлекеттік еңбек инспекциясының 2015 жылғы басты міндеті азаматтардың еңбек құқығын қорғау ғана емес, сондай-ақ, оны бұзуға жол бермеу, алдын алу болып табылады. Азаматтарды Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы негіздеріне құқықтық жаппай оқыту жөніндегі шаралар жоспарын жүзеге асыру бойынша жұмыс жалғасатын болады.
Мемлекеттік еңбек инспекторлары күн сайын азаматтарды қабылдау жүргізеді, оның барысында ақпараттық-тарату материалдары берілетін ақыл-кеңестік көмек көрсетіледі. Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының мекенжайы: СҚО, Петропавл қаласы, Абай көшесі, 64-үй, байланыс телефондары: 46-37-73, 36-17-86, 46-01-94, 50-33-42.
СҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының ресми интернет-ресурсы жұмыс істейді: git.sko.gov kz.
Мейрамбек АХМЕТОВ,
облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының сектор басшысы.