«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ШАҒЫМ КӨБЕЙДІ

Тіс емханаларындағы қызмет көрсету сапасына солтүстікқазақстандықтардың көңілі толмайды екен. Түскен шағымдардың 50 пайызы дәлелденген. Сондай-ақ, кепілдендірілген тегін көрсетілетін медициналық қызметті ақылы түрге айналдырғандар да табылыпты.

– Әзірге бізде мұндай бір жағдай ғана орын алды. Олқылық жіберген медициналық қызметкерге айыппұл салынды. Оның көлемі 10 айлық есептік көрсеткішті құрайды. Ал егер лауазымды тұлға осындай заң бұзушылыққа жол берсе, онда оған 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынар еді, – дейді Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Әлия Рүстемова.

Алайда, түскен арыз-шағымдардың 40 пайызы негізсіз деп танылған. Үстіміздегі жылдың 6 айында Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің мамандары емдеу мекемелерінде 87 тексеріс жүргізген. Тексеріс нәтижесінде мамандар 40 әкімшілік хаттама толтырды. Олардың 11-і – лауазымды, 27-сі – жеке тұлғаларға және тағы екеуі жеке кәсіпкерлерге тағайындалды. Жалпы айыппұлдар мөлшері 3 млн. теңгені құрап отыр. 2 іс – сотқа, 11-і прокуратура органдарына жіберілді.

Мағжан АХМАДИНА,

журналист.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp