Облыстық ветеринария басқармасы мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты нормативтік-құқықтық құжаттамалар мен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізімін бекіткен. Тізім стандарттар мен регламенттер басқарманың ресми сайтында орналасқан.
Мемлекеттік қызмет көрсетуді атқару кезінде күрделі мәселелерді анықтау мақсатында және оларды ұсыну кезінде заңдылықты сақтауға бақылау жүргізіледі. Петропавл қаласының және аудандық ветеринария бөлімдері жануарларды өсіретін, дайындайтын (соятын), сақтайтын, ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлікті қайта өңдейтін және іске асыратын өндіріс нысандарына есептік нөмірлер беру сияқты істерге мемлекеттік қызмет көрсетудің қорытындысын ұсыну және құжаттау жұмыстарын жүзеге асырады. Басқарма көрсетілген қызметтің сапасына баға беру үшін сауалнама жүргізіп отырады. Соңғы мониторингтің қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтерді ұсыну рәсіміндегі талаптар орындалған.
Үстіміздегі жылдың басынан бері облыстық ветеринария басқармасы 161 мемлекеттік қызмет көрсетті. Есепті кезеңде көрсетілген қызметтердің сапасы бойынша шағым түспеді. Дегенмен, аталмыш мекеменің мамандары стандарттарда қарастырылмаған талаптар қойса немесе қызмет көрсету мерзімін созып жіберсе, онда қызмет алушы белгіленген заңнамалық тәртіпке сай жоғары тұрған басшылыққа шағым түсіруге құқылы.
Мемлекеттік қызметті көрсету сапасы мен тиімділігін көтеруге қатысты ұсыныстар мен шағымдарды ветеринария басқармасының ресми интернет-ресурсына жазуға болады. Сонымен қатар, тікелей облыстық ветеринария басқарма басшысының 42-57-14 сенім телефонына немесе Петропавл қаласы, Жамбыл көшесі, 302-үйдегі мекенжайға хабарласуға болады.
Ербатыр МАДИЯРОВ,
облыстық ветеринария
басқармасының басшысы.