«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ШАҒЫН ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

Айыртау ауданының орталығында мектепке дейінгі білім беру мекемесі – “Балауса” шағын орталығы ашылды. Осындай жекеменшік әлеуметтік нысанды ашуға ауыл тұрғыны Серожидден Ниятуллаев бел буған. Ойындағы жоспарын “Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020” бағдарламасы бойынша жүзеге асырған кәсіпкер алдымен “Атамекен” ұлттық кәсіпкерлер палатасында арнайы курстан өткен екен.

Бүгінде “Балауса” шағын орталығы тағы да 50 баланы мектепке дейінгі біліммен және тәрбиемен қамтып отыр. Шағын орталықтың іші барлық талаптарға сай жабдықталған. Ойын, жатын, ас бөлмелері бар. Сондай-ақ, 18 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. 

Қазіргі таңда ауданда 5 балабақша мен 43 шағын орталық жұмыс істейді. Оларда 1600 бала тәрбиеленуде.

Гүлнәр САЙЛАУҚЫЗЫ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp