Ғ. Мүсірепов атындағы ауданда Құтқарушы күніне орай аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі бөлім мен 16-шы өрт сөндіру бөлімі қызметкерлері шағын футболдан кездесу өткізді. Турнирге алаңа иелеріне қоса, Шал ақын, Тимирязев және Айыртау аудандарының құтқарушылары қатысты.
Тартысты ойын нәтижесінде бірінші орын Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның командасына бұйырды. Екінші және үшінші орындарды Айыртау және Шал ақын аудандарының құтқарушылары өзара бөлісті. Жеңімпаздар Құрмет грамоталарымен және атаулы кубоктармен марапатталды.