18 мамыр күні өңіріміздің Тайынша, Ақжар, Уәлиханов аудандарында шаңды дауыл тұрып, ғимараттарды зақымдады. Атап айтар болсақ, Тайынша ауданындағы Чермошнянка ауылындағы әкімдіктің, Леонидовка орта мектебінің шатырын жұлып әкеткен. Сондай-ақ, Ақжар ауданындағы Талшық, Алқатерек және Восход ауылдарындағы мектептер шатырының кейбір бөліктерін ұшырған. Абырой болғанда тұрғындар зардап шеккен жоқ. Қазіргі күні шығын көлемі есептелуде.
“Қазгидромет” мамандарының хабарлауынша, Тайынша ауданында желдің екпіні секундына 33 метрге дейін жеткен. Бұл стихиялық құбылыс болып есептеледі. Сондай-ақ, 20 мамыр күні өңірдегі кейбір аудандарда желдің екпіні секундына 25 метрге дейін жетуі мүмкін. Бұл күндері күн күркіреп, бұршақ жаууы ықтимал. 20-21 мамырда қалың тұман түседі.
Сағындық МАУҒАЗИН,
“Soltüstık Qazaqstan”.