«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ШАҢЫРАҚТЫҢ ШЫРАҚШЫСЫ

Бір қолымен бесікті тербетіп, екінші қолымен әлемді әлдилеген әйелдерді құрметтеу – ер-азаматтың абыройлы борышы. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Оқушылар сарайында көпбалалы аналармен, түрлі салада табысқа жетіп жүрген қыз-келіншектермен кездесіп, шуақты мерекемен құттықтады.

Шара барысында өңір басшысы нәзік жандардың қоғам өмірінде алатын орнына ерекше тоқталып өтті.
– Жыл өткен сайын әйелдердің қоғамдағы рөлі артып келеді. Сіздер ошақтарыңыздың шырағысыздар Сіздердің бойларыңызда әсемдік, төзімділік, өмір жолында кездескен қиындықтарды табандылықпен жеңе білу, түсіністік және даналық, сүйе білу сынды асыл қасиеттер бар.“Жұмақтың кілті ананың аяғының астында” деп бекер айтылмаған. Бүгінде нәзік жандар саясатта, бизнесте және экономиканың барлық салаларында та-бысты еңбек етуде. Сіздерді шұғылалы көктемнің шуақты мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! – деді Құмар Іргебайұлы.
Бүгінгі таңда өңірде бар өмірін бала тәрбиесіне арнаған 4,5 мың көпбалалы ана бар. Олардың арасында “Алтын алқа” және “Күміс алқа” иегерлері аз емес. Мемлекеттік қызметшілердің 63 пайызын нәзік жандар құрайды. Мәслихат депутаттарының 29 пайызы – әйелдер. Облыс әкімі елімізде кәмелеттік жасқа толмаған 15 баласы бар жалғыз ана Татьяна Култышева Петропавлда тұратынын атап өтті. Нәзік жан маусым айында 16-шы сә­биді өмірге әкелгелі отыр.
Шара барысында ардақты жандарға лайықты құрмет көрсетілді. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қызылжар ауданының тұрғыны, жеті баланың анасы Вероника Ивановаға “Алтын алқа” табысталды. Сонымен қатар Жамбыл және Шал ақын аудандарынан келген Гүлжан Нартбаева мен Галина Смирнова “Күміс алқаның” иегері атанды. Олардың әрқайсысы өмірге алты бала әкелген.
Әйелдер қауымы атынан сөз алған “Nur Otan” пар­­тиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әсем Рахметова және облысымыздың құрметті азаматы Нэлли Иванова өңір басшысына көрсетіп жатқан құрметі үшін алғыстарын білдірді.

Қанат АТАМАНОВ,
“Soltústik Qazaqstan.
СУРЕТТЕ: облыс әкімінің Н.Нартбаеваны марапттау сәті.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp