25 қараша – 10 желтоқсан аралығында отбасында әйелдерге зорлық-зомбылық жасауға қарсы халықаралық науқан өтіп, оған облыс полиция қызметкерлері де белсенділікпен қатысты.
Облыстық ішкі істер департаменті әкімшілік полициясы басқармасының аға инспекторы Қайсар Қанафиннің айтуынша, акция шаңырақтағы дау-дамайларға жол бермеуді көздеді.
Бұл ретте полиция қызметкерлері қолайсыз 765 отбасында болып, тіркеуде тұрған бір мыңнан аса жуан жұдырықтардың қылықтарын тексерді.
Акция өткен 14 күннің ішінде тәртіп сақшылары 190 ұрдажықты жауапкершілікке тартып, 79 істі толтырды. Төрт жуан жұдырық айрықша жауапкершілікке тартылды. Осы уақыттың аралығында 40 әйел полицияға шағымданды.
Ольга ШИЯН,
облыстық ішкі істер департаменті
баспасөз қызметінің инспекторы.