Жыл басынан бері отбасын лаңдатқан осыншама бұзақы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Солардың қатарына Айыртау ауданындағы Имантау ауылының бір тұрғыны да қосылды. Ол шаңырақтың шырқын бұзып, отбасында әңгір-таяқ ойнатқаны үшін 15 тәулікке қамауға алынды. Бұл азамат ішімдікке сылқия тойып алып зайыбын да, балаларын да бір бұрышқа тыққан.
Жыл басынан осы уақытқа дейін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 79-5-бабы бойынша 2462 лаңдатушы жауапқа тартылып, солардың 878-і тұтқындалды. Облыстың 483 тұрғыны отбасы мүшелерін ұрып-соққаны үшін әкімшілік жазаға тартылды.
Полицияға лаңдатушылардан зәбір көргендердің бәрі бірдей шағымдана бермейтінін айту керек. Лаңдатушы жұбайларынан жапа шеккен әйелдердің 61-26-47, 39-48-81, 52-98-86 телефондары арқылы полицияға, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау ұйымына және “Әйелдерді қорғау орталығына” шағымдануларына болады.
Динара САҒЫНДЫҚОВА,
облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің аға инспекторы.